Атырау, 27 қараша 01:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астана Ресейге Қытайға газды жеткізудің баламалы жолын ұсынды

1 685 просмотра

Астана Мәскеуге Қытайға газ жеткізудің баламалы нұсқасын ұсынып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейлік-қытайлық газ құбырын Алтай таулары арқылы тікелей Қытайға өткізу жоспарланып отыр. Өткен жылдың жазында Астанада газ құбырын Қазақстан аумағы, соның ішінде Астана қаласы арқылы салып, қытайлық шекарадан Қорғас немесе Алашанқоу шекара бекетінің ауданында өту ұсынысы жасалды.

«Коммерсант» басылымының мәліметтерінше, қазіргі кезде Қазақстан «Газпромға» газды Қытайға экспорттау үшін елде бар инфрақұрылымды пайдалануды ұсынып отыр.

Қазіргі кезде «Газпром» Қазақстанның оңтүстік облыстарын Бұқара-Урал газ құбыры (2014 жылдың күзінде реверстік режимде іске қосылды) арқылы газбен қамтамасыз етуде, содан кейін Бейжіңнің Түркіменстаннан газ алатын Орта Азия-Қытай магистралды газ құбырымен қосылған Бозой-Шымкент газ құбырына беріледі.

«Газды осы бағдар бойынша Қытайға жеткізуге келетін болсақ, мұндай қызығушылық, әрине, бар», — деп мәлімдеді газетке «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев.

Бұқара-Урал реверстік режиміндегі газ құбырын пайдалану бойынша «Газпром»-нан газетке мұндай кестенің Қазақстанға өзбек газының импортын төмендетуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

«Теорияда, Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры салынып болған кезде, ал қор базасы жеткілікті болған жағдайда, қазақстан оңтүстік облыстарын өзі қамтамасыз ете алады», — деп атап өтті монополиядан.

Дереккөз: Nur.kz

25 наурыз 2015, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.