Атырау, 5 қазан 08:17
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы кандидатурасын қолдайды

2 660 просмотра

Фото: РИА НовостиФото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаевқа сілтеме жасап.

"Жаңа ғана Владимир Путин телевизиялық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Президент Нұрсұлтан Назарбаевты толық қолдайтынын мәлімдеп, Назарбаевтың қосымша қолдауға зәру емес екенін айтты", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.

Путин: "Қазақстанды жақсы көретіндердің бәрі Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды деп ойлаймын", - деді.

Еске салайық, бүгін Ақордада Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттерінің үшжақты кездесуі өтіп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 наурыз 2015, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.