Атырау, 3 маусым 22:09
 дождьВ Атырау +22.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қазақстанның 150-ге жуық азаматы шетелде әскери қақтығыстарға қатысып жүр

1 731 рет қаралды

Фото: Reuters.kzФото: Reuters.kzШетелдегі лаңкестік ұйымдардың құрамында Қазақстанның 150-ге жуық азаматы әскери қақтығыстарға қатысып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Интерфакс-Қазақстан"агенттігіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда шетелде жүрген 150 қазақстандық сондай ұйымдардың құрамына кіріп, әскери қақтығыстарға қатысып жүр, олардың қасында барлығы 200-ге жуық отандасымыз бар, олар - содырлардың жесірлері, әйелдері мен балалары", - деп мәлімдеді Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков жұма күні Астанада өткен халықаралық лаңкестік мәселелері қозғалған жиында.

"Шындығына келгенде, олар - алданғандар, біздің елдің алданған азаматтары. Олардың көпшілігі лаңкестер әрекетінің шынайы астарын көріп, қателерін түсінді, олар өз Отандарына қайтқылары келеді, бірақ қорқады", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 наурыз 2015, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.