Атырау, 27 қараша 01:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Арнайы қызмет Қазақстанда және Орта Азияда лаңкестік оқиғаларын жоспарлаған жауынгерлерді ұстады - ҰҚК

2 581 просмотра

АСТАНА,  20 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның арнайы қызметі Қазақстан аумағына террористік актілерді іске асыру үшін Сириядан келген республика азаматын зиянсыздандырды, тағы бірқатар террористер Қырғызстан мен Өзбекстан арнайы қызметтерінің көмектесуімен ұсталды, деп мәлімдеді ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

«Осы жылдың қаңтарында Сириядан келіп кірмек болған қазақстандық жауынгерге тосқауыл қойылды. Олар Қазақстан аумағында құқық қорғау органдарына шабуыл жасап, жарылыстар ұйымдастыруды жоспарлаған», - деді   Білісбеков "Халықаралық терроризм: қазіргі тенденциялары және оның жастар ортасына ықпал етуіне қарсы тұру" атты халықаралық дөңгелек үстел барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Шымкентте Қырғызстан азаматы болып табылатын жарғыш маман ұсталды.

Дереккөз: newskaz.kz

20 наурыз 2015, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.