Атырау, 27 қараша 01:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шетелдік теологиялық білім мекемелерінен Қазақстанға 90 студент қайтарылған – ҰҚК

1 365 просмотра

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Оксана Скибан. 2014 жылдың басынан бері шетелдік теологиялық білім мекемелерінен Қазақстанға 90 студент кері оралған, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Нұрғали Білісбеков.

«Қазақстандықтарды террорлық қызметке қатысуға тарту арналарының бірі діни мекемелерде оқу болып табылады, олардың көпшілігі өздері орналасқан елдердің аумағында заңсыз болып саналады. Осыған байланысты сондай білімгерлерді кері қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Біздер осының өзінде 90 жасты қайтардық, мұнда оларға отандық оқу орындарының базасында діни білімге арналған жағдайлар жасалып жатыр», - деді Н. Білісбеков жұма күні қазіргі үрдістерге, жастарға ықпал және халықаралық лаңкестікке қарсы іс-әрекетке арналған халықаралық дөңгелек үстел отырысында.

Осы ретте ол студенттердің 2014 жылдың басынан бергі кезеңде қайтарылғанын нақтылай өтті.

Н. Білісбеков атап өткендей, «сонымен қатар зорлық-зомбылық акцияларын жасау үшін барған тұлғалардың оралуға талпыныстары мұқият бақыланады».

«Атап айтқанда, біздің ақпар бойынша, Қырғызстан арнайы қызметтері осы елдің аумағында қазақстандық азаматты ұстап, бізге тапсырды. Ол Шамда миналық жару даярлығынан өткен және Қазақстан мен Қырғызстанда лаңкестік әрекеттер жасау үшін келген. Ұстау кезінде одан жарылғыш құрылғы тәркіленді. Қырғыз және өзбек серіктестермен бірлесіп Сирия мен Түркиядан келетін диверсиялық-террорлық топқа тосқауыл қойдық. Өңірге келіп жеткеннен кейін олар Қырғызстан мен Өзбекстанда резонансты терактілер сериясын жоспарлаған. 3 жарғыш маман – Қырғызстан азаматтары – Шымкентте, Бішкекте және Ошта қолға түсті», - деп санамалап берді комитет төрағасының орынбасары.

Бұдан өзге, оның айтуынша, биылдың қаңтарында қазақстандық содырдың Сириядан еніп келуіне жол берілмеген.

«Ол Қазақстан аумағында жарылыстар жасап, құқық қорғау органдарына шабуыл ұйымдастыруды көздеген. Жалпы алғанда терроризмнің қатерлерін ерте анықтау жүйесінің аясында біз азаматтардың шетелге тартылуын және шығуын ескерту шараларын қолданамыз. Бұл тәсілдер өз-өздерін ақтауда. Қазақстаннан баратын рекрут ағаыны айтарлықтай төмендеген. Былтыр 80-нен астам адам сондай ниеттерінен бас тартты», - деп түйіндеді сөзін Н. Білісбеков. 

Дереккөз: ҚазТАГ

20 наурыз 2015, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.