Алматыда 18 мың әке перзенті алдындағы борышын өтеуден қашып жүр. Бұған дейін алимент төлемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып келген. Енді баласын құшақтап жалғыз қалған аналар бірден кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі сотқа барып, қылмыстық іс қозғау туралы талап арыз бере алады.
Жалпы, қазір Қазақстан бойынша алиментті өндіруге қатысты 213 мың сот шешімі шыққан. Борышкерлердің төрттен бір бөлігі ғана өзі біліп, балаға ақша аударса, қалғандары түрлі сылтаумен қашатын көрінеді. Өткен жылы заңға енгізілген өзгеріс бойынша осындай борышкер 3 айдан артық алимент төлемесе, қылмыстық іс қозғалып, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шетелге шығуға да тыйым салынады. Бір ғана Алматының өзінде бала алдындағы жауапкершіліктен қашып жүрген 18 мың азамат бар екен. Жыл басынан бері олардың тек жетеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.
Дереккөз: bnews.kz
20 наурыз 2015, 09:57