Атырау, 27 қараша 01:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Владимир Путин Астанаға келді

2 754 просмотра
Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске салайық, бүгін, 20 наурызда елордада Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің үшжақты кездесуі өтеді. 

Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков үш елдің басшысы Украинадағы ахуал мен Минск келісімдерінің орындалуы туралы талқылайтынын хабарлады. Ол Ресей ұстанымының көпшілікке жақсы таныс екенін атап өтті. "Президент Путин Ресей ұстанымын өз әріптестеріне дәйекті түрде мазмұндайды деп сенемін", - деді Песков. 

Астанада мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін де талқылайды. Песковтың айтуынша, үшжақты кездесу барысында Путин Қазақстан Президентімен жеке әңгімелеседі. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақордада Назарбаев пен Қазақстанға келген Беларусь президенті Александр Лукашенконың кездескені хабарланған еді. Кездесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының негізгі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 наурыз 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.