Биыл EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға тағы 60 мемлекет келісімін береді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникацилар қызметіндегі брифингте ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің халықаралық комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.
«Қазіргі кезде EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға 19 мемлекет өзінің келісімін берді. Бұл бағыттағы шаралар жалғасуда, яғни биыл тағы 60 келісімге қол жеткізбекпіз. Ағымдағы жылға біздің жоспарлар осындай»,-деді Р. Жошыбаев.
Оның сөзіне қарағанда, ЭКСПО көрмесін тамашалау саны 5 миллионға жетеді.
«Жұмыстар тұрақты жүріп жатыр. Атап айтқанда, біз ұлттық компаниямен, туризм бойынша комитетпен бірлесе өзге елдердің туристік саласының өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірқатар келісімдерді бекіттік. Сонымен қатар визалық саясат бойынша ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдың ортасынан бері біржақты тәртіпте визасыз режімді 10 дамыған елге ұсыну қанатқақты жобасын іске асырудамыз. Біз осы тізімді кеңейтуді жоспалап отырмыз. Бүгінде біз визасыз тәртіпті ұсынған елдерден қанша адам Қазақстанға келгені туралы ақпаратқа талдау жүргізіп жатырмыз. Қазіргі кезде өзге елшіліктерден өздерінің мемлекеттерін аталған визасыз сапарлауға негізделген тізімге қосу ұсыныстары түсуде», - деді Р. Жошыбаев.
Осы орайда ол туристік компаниялар тарапынан қазақстандағы ЭКСПО көрмесіне қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат