Атырау, 24 желтоқсан 21:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

«ЭКСПО-2017» көрмесiне қатысуға 19 мемлекет келiсiм бердi

1 164 рет қаралды

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне қатысуға бүгiнгi күнi 19 мемлекет келiсiм берген. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiнiң комиссары Рәпiл Жошыбаев мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Бүгiнде ЭКСПО көрмесiне қатысуға 19 мемлекет келiсiмiн бердi. Бұл жұмыс жалғасатын болады. Биылғы жылы тағы 60-тай келiсiм алуды жоспарлап отырмыз», - дедi Р. Жошыбаев.

Өз кезегiнде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қазiрде құрылыс қарқынды жүргiзiлiп жатқанын атап өттi.

«Құрылыс деңгейi өте жоғары. 4 жылда салынатын құрылысты 2-2,5 жылдың iшiнде салып бiтiремiз. Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесқа бәрiн көрсеттiк. Құрылыс кестесiн тағы да қысқарту мүмкiндiгi бар, келесi жылдың жазында бүкiл құрылысты бiтiрсек деген жоспар құрып отырмыз», - деп толықтырды Т.Ермегияев.

Дереккөз: bnews.kz

 

19 наурыз 2015, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.