АСТАНА, 19 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. РФ президенті Владимир Путиннің бейсенбіде кешке бет алатын Астанадағы үшжақты (Ресей, Қазақстан және Белоруссия) кездесуінде Украина тақырыбы қозғалады деп хабарлайды РИА Новости мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.
«Иә деп айта аламын», — деді Астанада Украина тақырыбы талқыланама деген сауалға Песков.
«Мемлекет басшылары істің қазіргі жағдайы, Минск келісімшартын іске асыру бойынша пікір алмасатыны сөзсіз. Біздің ұстанымымыз жақсы белгілі, президент Путин оны Астанада өз әріптестеріне дәлелдеп жеткізетініне сенімдімін», — деп қосты Песков.
Дереккөз: newskaz.kz