Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол АҚШ-тың "түрлі-түсті төңкерістерге" қатысы туралы пікірлерге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрине, мен мұндай пікірлерді көп естимін. Мен мұнымен келіспеймін. "Түрлі-түсті төңкерістерге" қатысты айтатын болсақ, бұл - шын мәнінде сол мемлекеттердің ішкі сыны. Мен бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігінде АҚШ істерімен айналысқан және айналысып жүрген адам ретінде айтарым, АҚШ-тың бүкіл әлемді жаулап алуға қатысты жоспары бар деген әңгіменің барлығы - былайша айтқанда, сандырақ", - деді ол қазақстандық журналистерге берген сұхбаты барысында.
"Мұндай мәліметтердің неліктен пайда болатынын түсінбеймін. Себебі АҚШ демократия туралы әрдайым ашық айтады және біз демократиялық құбылыстарды қалыпты жағдай деп қабылдаймыз. Бірақ біз ол оқиғаның барлығына бастамашылық еткен жоқпыз ("түрлі-түсті төңкерістер" туралы - Автор.). Бұл оқиғаның барлығының өзіндік саяси астары бар", - деді елші, АҚШ-тың әлемді жаулап алу мен америкалық империя құру туралы сойқан жоспарының жоқ екенін түсіндіріп. "Ол олай емес", - деді ол.
Дереккөз: tengrinews.kz