Атырау, 27 қараша 01:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ биліктің Назарбаевтан келесі ҚР президентіне өтуі бейбіт түрде болады деп сенеді

1 361 просмотра

Фото: kursiv.kzФото: kursiv.kzАстана. 19 наурыз. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол Қазақстанда қазіргі іс басындағы президенті Н. Назарбаевтан билік келісіге берілуі бейбіт түрде болады деген үмітте.

Ол бұл жайлы бейсенбі күні БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.

Оның айтуынша, егер Н. Назарбаев қызметінен мезгілінен бұрын кететін болса да бәрі бейбіт болады деген үміт бар.

Елшінің айтуынша, президентті сайлау Қазақстанның ішкі ісі.

«Мысалы, АҚШ-та президенттік сайлау болады... Енді екі жылдан соң. Сонда билікті Обамадан келесі президентке өтуін біз білмейміз, оның қазір кім екенін де білмейміз», - деді Д. Крол.

Бұл ретте ол Қазақстанда биліктің аусу мәселесі «өте сезімтал» мәселе екенін атап кетті.

«Тарих көрсетеді. Біз бәрі де Қазақстан халқның пайдасына шешіледі деп сенеміз. Әрине, АҚШ биліктің Н. Назарбаевтан басқаға өтуін бейбіт түрде жүргенін қалайды», - деп тұжырымдады АҚШ елшілігі. 

Дереккөз: ҚазТАГ

19 наурыз 2015, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.