АСТАНА, 19 нау – Қазақстан жаңалықтары АА.«Болашақ» халықаралық стипендиясы ауқымында шетелде білім алу үшін құжаттар қабылдау 13 сәуірден басталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің 10 ақпанда қол қойған сәйкес бұйрығы бейсенбіде ресми баспасөзде жарық көрді.
"2015 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері белгіленсін:құжаттарды қабылдау - 2015 жылғы 13 сәуірден бастап 8 мамырды қоса алғандағы кезең, 2015 жылғы 8 маусымнан бастап 10 шілдені қоса алғандағы кезең, 2015 жылғы 10 тамыздан бастап 1 қазанға дейінгі кезең",-делінген құжатта.
Конкурс 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғандағы кезеңде өтеді.
Дереккөз: newskaz.kz