Атырау, 27 қараша 01:17
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан Украинаға көмір жеткізгісі келеді, бірақ оны Ресей жібермейді - Радостовец

1 504 просмотра

Фото: kapital.kzФото: kapital.kzАстана. 18 наурыз. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Ресейдің бізден көмір сатып алуы төмендеген жағдайда Қазақстан көмірін еуропалық елдерге, оның ішінде Украинаға да сатпақ ниетте, бірақ оны Ресей жібермейді, деп мәлім етті тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Родостовец.

«Біз қазір көмірді еуропалық елдерге жеткізу, оның ішінде Польшаға жеткізу мәселесін қарастырып жатырмыз, себебі біз ресейлік нарықты аздап жоғалттық. Қазақстанда көмірдің орасан зор қоры бар, және экологиялық талаптар оған мүмкіндік беріп отырғанда ол мүмкіндікті пайдаланып қалу керек», - деді Н. Родостовец сәрсенбі күні «МАЙНЕКС-Центральная Азия-2015» VI таукенөнеркәсіптік форумының дәліздерінде.

«Ең басты мәселе – термір жол тарифтерінде. Себебі бағаның үштен екісін осы тарифтер құрайды. Сондықтан президенттердің арқасында одақ туралы келісімде айтылғандай, біз порттарға дейін Ресейдің ішкі тарифтерімен жұмыс жасаудамыз.Сондықтан көмір саласының келешегі зор деп ойлаймын», - деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық көмірдің алғашқы аздаған партиясы Польша мен Жапонияға жеткізілді.

«Біз қазір жаңа тарифтермен жұмыс жасаудамыз. Енді әр бағыттағы темір жолдарды көруіміз керек, олардан вагондар қашан қайтады т.с.с. Осының барлығы еуразиялық интеграцияның арқасында мүмкін болды», - деді ол.

Н. Радостовец Қазақстан Украинаға көмір жеткізгісі келеді, бірақ оны Ресей жібермейді, деп атап өтті.

Оның айтуынша, бұрын қазақстандық көмірмен жұмыс жасаған ресейлік электростансалар ресейлік көмірге көшіпті.

«Ресейлік компаниялар Кузнецк көміріне көшті, кейбірі газға көшті. Әрине, рубльдің девальвациясы да рөл атқарады», - деді Н. Радостовец. 

Дереккөз: ҚазТАГ

18 наурыз 2015, 19:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.