Атырау, 27 қараша 01:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бас прокуратура лицензиясы тоқтатылған оқу орындарының тізімін жариялады

1 700 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZЕлімізде лицензиясы тоқтатылған университет, институт, академиялардың аты ақыры белгілі болды. Бас прокуратура ресми түрде жариялаған «қара тізімге» 18 оқу орны іліккен.

Лицензиясы 2 айдан 6-айға дейін тоқтатылғандардың арасында Алматы қаласының 6, Оңтүстік Қазақстан облысының 4,  Астана 2, Алматы облысы 1, Батыс Қазақстан 1 және Атырау, Қарағанды, Қызылордадағы оқу орындары бар. Қара тізімге Елордадағы «Астана» мен «Тұран» университеттері, Батыс Қазақстан инженер гуманитарлық институты, «Қызылорда облысындағы Қазақ-қытай институты мен Қарағандыдағы «Болашақ» университеті ілігіп отыр. Бұл жоғарғы оқу орындары білім беруден гөрі диплом үлестіруді жолға қойған. Ал әзірлеген мамандары шаласауатты. Ұстаздарының біліктілігі күмән тудырады, материалдық техникалық базасы да сын көтермейді.Білім министрлігі Бас прокуратурмен бірге лицензиясынан айырған оқу орындары кемшіліктерін жарты жыл ішінде түземесе, кадр дайындаудан мүлдем аластатылмақ. Осы аралықта студенттер білімін әзірше жалғастыра береді.

Дереккөз: КТК

18 наурыз 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.