Атырау, 27 қараша 01:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Павлодарда фашистер басып шығарған сөздік табылды

1 455 просмотра

Атадан қалған аманат. 70 жыл бұрын фашистер басып шығарған сөздік павлодарлық зейнеткердің үйінен табылды. Александр Магденконың айтуынша, тәржіма кітапшаларын майданынан оралған әкесі алып келген екен. Бүгінге дейін сөрелерде шаң басып жатқан әдебиеттің құндылығын енді түсінген майдангердің ұлы жәдігерлерді дүйім жұртқа көрсетуді ұйғарды, деп хабарлайды КТК.

табуға болады.

«Бұны оқығанда қатты ашуландым. Олар жеңіске жететіне сенімді болғандары сонша, құлдарына беретін бұйрықтарды алдына ала жазып, орыс тіліне аударып қойған», - дейді зейнеткер Александр Магденко.

Соғыста қолданылатын «қаруды таста», «мина қойылған жерді көрсет» деген тіркестерден бөлек, «қайсысың еврей? қайсысың украинсың?» деген сұрақтар да аударылыпты. Ал мұның қасында дәл сол кезеңде Кеңес одағында шығарылған әскери сөздіктердің мазмұны тым қарапайым. Онда немісше «ауыз су бар ма?» және «Берлинге қарай жолды көрсетесіз бе? деген сауалдар ғана бар.

1944 жылы фашисттік Германияда басылған бұл шағын сөздіктерді Берлинді алуға қатысқан әкесі алып келіпті. Кеудесі орденге толып оралған майдангер 80-нен асқан шағында қайтыс болған. Ал ардагердің баласы сөздіктерді мұражайға тапсыруды жоспарлап отыр. Өйткені тарихы құндылығы бар кітаптардың өскелең ұрпаққа берері мол дейді ол.

Дереккөз: bnews.kz

 

18 наурыз 2015, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.