Атырау, 27 қараша 01:17
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркия соты ҚР Қаржы министрлігіне қатысты істе Қазақстанның пайдасына шешім шығарды

1 966 просмотра

ҚР Қаржы министрлігі «Казкомстройбанктің» төленбеген векселі бойынша істе жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.

2009 жылы Түркия азаматы Тұрғұт Тирали қазақстандық «Казкомстройбанк» жекеменшік банктің векселін төлеу бойынша ҚР Қаржы министрлігіне қарсы Түркия Республикасында атқарушылық ісін қозғады. Тиралидің арызына 2002 жылы таратылған «Казкомстройбанктің» төленбеген векселі бойынша талап негіз болды.

Түркия заңнамасында әрекеттеріне наразылық білдіру үшін қарастырылған мерзімдерде айла-шарғылар қолдану арқылы Тирали сырттай (тараптардың қатысуынсыз) сот шешімінің шығарылуына қол жеткізді, оған сәйкес ҚР Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы жеке банктің вексель бойынша қарызын төлеуге міндеттелді.

Осыған орай 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Тиралиге қарсы жағымсыз деклараторлық талап-арыз берді. 2015 жылы 13 наурызда Анкара қаласының соты (Түркия Республикасы) ҚР Қаржы министрлігінің пайдасына шешім шығарды. Осы шешім Қазақстан Республикасының, яғни Қаржы министрлігінің жекеменшік банк берген вексель бойынша жауапты емес екеніне дәлел болып табылады.

Аталған сот процесінде ҚР Қаржы министрлігінің мүдделерін ҚР Әділет министрлігі ҚР Үкіметінің консультанты - «Reed Smith LLP» заң фирмасымен бірге білдірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 наурыз 2015, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.