«Мен сайлау науқанынан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Сондықтан кезектен тыс президенттік сайлауға түсу үшін берген кандидатурамды алып тастау туралы өтініш бердім», - деді ол.
М.Елеусізовтің атап өтуінше, мұндай шешім қабылдауға ең бірінші кезекте сайлау жарнасына қажетті 1 млн. 60 мың теңгені жинай алмауы түрткі болған.
«Мен сайлау науқанын жүргізуге қажетті қаржыны қалған уақыт ішінде таба алмадым. Бұл қомақты қаржы. Екіншіден, қалған санаулы күндердің ішінде кандидат ретінде тіркелу үшін қажетті қолдау қолын жинай алмаймын. Сондықтан да ешкімді әуре-сарсаңға салмай, кандидатурамды алып тастау туралы өтініш бердім», - деді ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат