ҚР Президенті Жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат