Атырау, 27 қараша 01:12
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ОСК Мұрат Телібековті тіркеуден бас тартты

1 614 просмотра

Мұрат Телібековті ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартты, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

«Сіздердің назарларыңызға Мұрат Айтжанұлы Телібековті ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы жобасын ұсынамын. Мұрат Айтжанұлы Телібеков туғанынан Қазақстан Республикасының азаматы. 1958 жылы туған. Бүгін, 16 наурыз күні М.Телібеков мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі емтиханнан бас тартты. Лингвистикалық комиссияның төрағасы емтихан тәртібін бірнеше мәрте тиянақты түсіндірді. Соған қармастан емтиханға өзінің сенімді өкілдерінің қатысуын және емтихан талабын өз қалауынша тапсырғысы келетін айтып, өз талабын қойды»,  ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Сонымен қатар, Сүлеймен Телібековті мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау емтиханынан бас тартқаны үшін ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тарту туралы ұсыныс жасады, оны комиссия мүшелері бірауыздан қолдады. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

17 наурыз 2015, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.