Қызылордада іске қосылған зауыт шағын болғанымен, қажеттілігі жоғары. Дайындалған өнімдер, яғни шаруашылыққа, өндіріске өте керек – қауіпсіздік бас киіміне бірінші болып мұнай компаниялары қызығушылық танытуда.
Себебі, осы уақытқа дейін олар қорғаныш қалпақтарын шетелден алатын. Енді отандық өнімді тұтынуға мүмкіндік бар.
Әрине, жергілікті жерде өндірілген өнімнің сапасына күмән жоқ. Сондықтан да цехтың ашылғаны кеше болса да, тапсырыс берушілер табылуда.
Шағын зауыттың күніне 800-1000 каска шығаруға қауқары жетеді. Әзірше 5 адам еңбек етеді, деп жазады kyzylorda-news.kz.
Егер тапсырыс артып, сұраныс көбейсе, жұмысшы күші де сәйкесінше еселенеді, жаңа қондырғы да алынады. Ең бастысы – отандық өнім қолдау тапса болғаны.
Дереккөз: bnews.kz
16 наурыз 2015, 10:14
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.