Атырау, 26 қараша 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Хруничев атындағы орталық қызметкерлерін Байқоңырдағы «Протон» апатына айыптап отыр

2 562 просмотра

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Хруничев ат. орталық қызметкерлерін Байқоңырдағы бортында үш спутниктері бар «Протон» зымыран-тасымалдағышының апатына айыпталуда, деп жазады «Известия» газеті.

«Ғарыш айлағындағы апаттан 2 жыл өткен соң (...) тергеу іс фигуранттарына айып таға бастады. Олар осы зымыран құрастырылған мәскеулік Хруничев ат. орталық қызметкерлері: құрастырушы Евгений Прохоров пен Денис Гришин, сондай-ақ бақылаушы-шабер (мастер-контролер) Диана Гудкова. 10 наурызда Диана Гудковаға РФ ҚК 216 б. (жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтамау) бойынша айып тағылды», - делінген жарияланымда.

Газет жазғандай, апат себебі бұрыштық жылдамдықты беріп тұратын үш аспаптың штаттан тыс жұмыс жасауынан екенін бірнеше дүркін жүргізілген мемлекеттік сараптама анықтаған. Кейін анықталғандай, 2011 жылы қарашада зымыранды жинастыру барысында ол аспаптар дұрыс орнатылмапты – олар 180 градус кері орнатылыпты.

Ол аспаптардың өздері «Академик Н.А. Пилюгин атындағы автоматика және аспап жасау ғылыми-өндірістік орталығы» Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорында (ФГУП) жасалған, бірақ Хруничев ат. орталық құрамына кіретін зымыран-ғарыш зауытында орнатылады. Белгілі болғандай ол аспаптардың орнатылуына құрастырушылар Е.Прохоров пен Д.Гришин, сондай-ақ бақылаушы-шебер Д.Гудкованың қатыстылығы анықталды.

Тергеу болжамынша, Д.Гудкова құрастыру барысында жіберілген қателікті байқамай қалған. Шебердің өзі болса, айыбын мойындамауда, және оның адвокаты Алексей Курганов та аспаптардың дұрыс орнатылғанын айтуда.

Д.Гудкова тергеушілерге айтқандай, бұрын бақылаудың қосарланған жүйесі жұмыс жасайтын, онда әскери қабылдау деген жұмыс атқаратын, ал жаңа қорғаныс министрі Анатолий Сердюков келген соң ол құырылым қысқартылды деді. Бұл жағдай бақылауды ғана әлсіретпей, штатқа ауыртпалықты да көбейтіпті.

Еске салсақ, 2 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағында үш ГЛОНАСС спутнигін алып ұшпақшы болған «Протон-М» зымыран тасымалдағышы құлап, жарылды. Зымыран құлаған жерде өрт шығып, зымыран отынының жанған түтінінен бұлт пайда болды. Ұшыру кешеніне зақым келген жоқ, адам шығыны мен зардап шеккендер болған жоқ.

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» МКК мамандары Қызылорда облысы экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағына жақын маңдағы ауданда ауа мен топырақ құрамындағы зымыран отынының құрамдас бөліктерінің (гептил мен амил) бар-жоқтығына талдау жасады.

Мамандар зымыран құлаған жерде жанған өсімдік жабынының ауданын анықтады - 4,9 га, шұңқырдың ауданы 40х25 м, тереңдігі 5 м дейін. Мұнымен қоса, зымыран бөлшектері 140 га аумаққа шашыраған.

Қазіргі уақытта РФ 216 б. 1т. (жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 наурыз 2015, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.