Фото: picturesdotnews.comАлматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан үкімет компьютерлерін істен шығарған және құпия жазбаны жариялаған беймәлім хакерлерге деген талап арызын Нью-Йорк сотына тапсырды, деп хабарлады америкалық Bloomberg ғаламтор порталы.
«Қазақстан үкімет компьютерлерін істен шығарған және шенеуніктердің Нью-Йорк заңгерлік компаниясымен алмасқан кейбір құпия хабарламаларын жариялаған беймәлім хакерлерге деген талап арызын сотқа тапсырды», - делінген хабарда.
Мұнымен қатар, талап арызына сәйкес, бұзу дерегінің қаңтарда-ақ анықталғаны атап көрсетілген.
«Манхэттен сотына тапсырылған талап арызында атап өтілгендей, компьютерді бұзу дерегі қаңтардың аяғында белгілі болған. Қазақстандық шенеуніктердің gmail пошталық сервисі арқылы жолдаған мыңдаған хабарламалары ұрланған. Кейбір хабарламалар Facebook-ті қосқанда, әртүрлі веб-сайттарда жарияланды, деп мәлімдеді қазақстандық шенеуніктер», - деп түсіндірілген хабарда.
Басылымның ақпарынша, ұрланған хабарламалардың ішінде ҚР әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаевтың және бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың хаттары болған.
«Ұрланған хабарламалардың арасында Қазақстан қызметін пайдаланып келген Curtis Mallet-Prevost Colt & Mosle LLP атты Нью-Йорк заңгерлік компаниясының қызметкерлері жіберген хаттар болған. ұрланған хабарламалардың ішінде ҚР әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаевтың және бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың хаттары болған», - делінген жариялымда.
Хабарланғандай, Қазақстан хакерлердің тұлғаларын анықтау үшін тергеуді бастады.
Дереккөз: ҚазТАГ