Алматы полициясы белгілі журналист Илона Екшембаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
44 жастағы алматылық ер адам Илона Екшембаеваның азаматтық некедегі күйеуі болған.Полицияның айтуынша, олар ішімдік ішкен соң өзара дауласып қалған. Даудың арты жанжалға ұласқан көрінеді. Күдікті еш жерде жұмыс істемейді.
"Қазір аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ІІД уақытша оқшаулау камерасына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда",-деп атап көрсетілген хабарламада.
Журналист бұрын телеарнада, қалалық ІІД баспасөз қызметінде қызмет еткен.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.