Атырау, 5 қазан 06:28
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Аңыз адамның» бас редакторы да Президенттікке үміткер – ОСК

1 916 просмотра
Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі күннің қорытындысы бойынша 2015 жылдың 12 наурызында Орталық сайлау комиссиясына келіп, кандидат ретінде өтініш берген азаматтардың тізімін таратты. 22 адамның арасында «Аңыз адам» және «Жұлдыздар отбасы» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбай, атышулы Амантай қажы, Кәсіподақтар федерациясының басшысы Әбілғазы Құсайынов бар, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Сонымен, бүгінгі күнге дейін ҚР Президенттігіне кандидат ретінде өтініш берген азаматтардың тізімі мынадай:

1.Сырғабаев Асқар Жорабайұлы, 1959 жылы туған, жеке кәсіпкер, Астана қаласы. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

2.Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы, 1962 жылы туған, уақытша жұмыссыз, өзін-өзі ұсынған.

3.Қойшиева Лимана, 1969 жылы туған, «Рухани қоғам әлемі» Қоғамдық қорының президенті, өзін-өзі ұсынған.

4.Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, 1977 жылы туған. Құрылыс компаниясында инженер, өзін-өзі ұсынушы.

5.Мырзашев Сухраб, 1984 жылы туған, құрылыс компаниясында жүргізуші. Өзін-өзі ұсынушы.

6.Өктешбаев Есенбек Жапарұлы, 1958 жылы туған. Қоғам қайраткері, өзін-өзі ұсынушы.

7.Жүнісбеков Якобжан, 1946 жылы туған, зейнеткер. Өзін-өзі ұсынушы.

8.Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы, 1947 жылы туған. «Қазақстан коммунистер партиясының» хатшысы. Осы партия атынан ұсынылған.

9. Жұман Қанат Тоқтарұлы, 1969 жылы туған, «Астана мұнай Груп-2007» жанармай құю бекетінің басшысы. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

10.Серғазин Ержан Мерекеұлы, 1971 жылы туған. Әскери адам. Өзін-өзі ұсынушы.

11.Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, 1965 жылы туған, «Кенесары хан» қорының президенті. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

12. Майышев Қайрат Әлембайұлы, 1975 жылы туған, «Жас қанат-2006» ЖШС директоры. Сайлауға өзін-өзі ұсынушы.

13.Естемесов Бақтияр Өксікбайұлы, 1972 жылы туған, жеке кәсіпкер. Өзін-өзі ұсынушы.

14. Төрегелдиев Қанат Сыбашұлы, 1962 жылы туған, уақытша жұмыссыз. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

15. Құрсабаев Мұхамедрахим Қадырбайұлы, «Тұран-Астана» университетінің оқытушысы. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

16. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, 1940 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Президенті. «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған кандидат.

17.Өтепова Айгүл Дүйсенбайқызы, 1970 жылы туған. Уақытша жұмыссыз. Өзін-өзі ұсынушы.

18.Телібеков Мұрат Айтжанұлы, 1958 жылы туған. Уақытша жұмыссыз. Сайлауға өзін-өзі ұсынушы.

19.Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы, 1952 жылы туған. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы. Сайлауға өзін-өзі ұсынып отыр.

20.Мұқаш Серік Тасқараұлы, 1950 жылы туған, «Экологиялық тұрақтылық» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы. Сайлауға өзін-өзі ұсынып отыр.

21.Асылбек Амантай Хантемірұлы, 1942 жылы туған. Сайлауға өзін өзі ұсынушы.

22.Қалыбай Жарылқап Сейділәұлы, 1959 жылы туған. «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы. Сайлауға өзін-өзі ұсынушы.

Бұл 22 адамның ішінде әзірге тек төрт адам мемлекеттік тілден емтиханды ойдағыдай тапсырып, қол қою парақтарын алды. Арасында емтиханға әлі кірмеген кандидаттар да бар.

Дереккөз: bnews.kz

 

12 наурыз 2015, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.