Атырау, 26 қараша 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Президенттікке кандидат ретінде тағы 1 әйел тіркелді

1 797 просмотра

ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тағы бір әйел тіркелді, ол – Айгүл Өтепова. Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг өткізген ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фосс мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Президенттікке ұсынылғандардың арасында 2 әйел бар. Лимана Қойшиева қол қою парақтарын алды. Екіншісі – уақытша жұмыссыз шымкенттік Айгүл Өтепова. А.Өтепова алдағы уақытта ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға сынақ тапсырады»,-деп хабарлады ол.

Айта кетейік, 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиева мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға сынақ тапсырған еді. Комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиеваның мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.

Дереккөз: bnews.kz

 

12 наурыз 2015, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.