Атырау, 26 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандық әскерилер хинди тілін үйренеді

1 882 просмотра

Фото: ivest.kzФото: ivest.kzАстана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде хинди сыныбын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Бұл сынып университет қабырғасындағы бұрыннан келе жатқан түрік, ағылшын және қытай тілдерін үйрену сыныптары қатарын толықтырады», - делінген ведомство сайтындағы хабарда.

Түрлі ұлттардың тілдерін меңгере отырып, тыңдаушы офицерлер белгілі бір мемлекеттің тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрі туралы, сол мемлекет әскерінің мен әскери ісінің қалыптасуы жайындағы құнды еңбектермен танысуға мүмкіндік алады. Сабақ аясында алған білімдері офицерлерге шетелдік әріптестерімен ғылым және мәдениетаралық қарым-қатынастарды орнату барысында үлкен көмегін тигізеді. Барлық оқу сыныптары – ұдайы нығайып келе жатқан Қазақстан мен таяу және алыс шетелдік мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары, жоғары әскери оқу о рындары арасындағы ынтымақтастықтың жемісі. Сыныптар шетел тілдерін меңгерумен қатар профессорлық-оқытушылық құраммен, докторанттармен, жоғары оқу орны магистрантарымен, Қазақстан Қарулы Күштері мен басқа мемлекеттер офицерлерімен, басқа қуатты құрылымдар мен ұйымдардың өкілдерімен түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, оқу сабақтарын өткізуге арналған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

12 наурыз 2015, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.