Алматы. 12 наурыз. ҚазТАГ – Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия (ЖСДП) кезектен тыс өтетін Қазақстан президенттігіне сайлауға өз үміткерлерін ұсынбайды, деп хабарлады бейсенбі күні партия кеңсесінен.
Бұл ретте партия «осындай сайлауларды легитимдеуге қатыспайтындығын, дегенмен сайлау науқаны барысында саяси жетілдіруді насихаттауды жалғастыра беретіндіктерін мәлімдейді».
Мұның алдында «Ақ жол» партиясы да өз үміткерлерін ұсынбайтындықтарын мәлім еткенді.
Еске салсақ, 25 ақпанда елбасы Н. Назарбаев 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Кеше ол өзінің кандидатурасын сол сайлауға ұсынуға келісімін берді. Мемлекеттік тіл емтиханын табысты тапсырып, Н. Назарбаев ҚР Конституция талаптарына сай деп танылды. Сондай-ақ Конституцияның талаптарына ҚХКП үміткері Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиева танылды.
Дереккөз: ҚазТАГ