Атырау, 26 қараша 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан бас прокуратурасы 18 жеке ЖОО-ның лицензия әрекетін тоқтатып тастады

1 785 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААстана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан бас прокуратурасы 18 жеке ЖОО-ның лицензия әрекетін тоқтатып тастады, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

«Прокурорлардың тексеріс нәтижелері бойынша 62 таныстырым енгізілді, оның ішінде 18 жеке ЖОО-ның лицензия әрекетін тоқтату туралы да бар. Тәртіптік жауапкершілікке ЖОО-ның 40 қызметкері тартылған, әкімшіліктікке – 32, 2 қылмыстық іс қозғалған», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Сөйтіп, жүргізілген тексеру «көптеген мемлекеттік емес оқу орындарының қызметі қойылған талаптар мен білім стандарттарына жауап бермейтінін және ең алдымен коммерциялық пайда табуға бағытталғанын» көрсетті.

Сондай-ақ ЖОО-лардың мамандарды, сонымен қатар білікті оқытушыларды сапалы даярлау үшін материалды-техникалық ресурсы мен ғылыми-әдістемелік қамтымасы жетіскен тиісті жағдайларға ие емес екені атап көрсетілген.

Осылайша, бас прокуратураның тексеріс қорытындысы бойынша ҚР үкіметіне заңдылықтың бұзылуын болдырмау және өкілетті лауазымды тұлғаларды, соның ішінде жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауаптылыққа тарту туралы таныстырымын енгізді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

12 наурыз 2015, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.