Атырау, 26 қараша 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ғарышкер әйелі бар "Союз" кемесі Қазақстанға қонды (ВИДЕО)

3 974 просмотра

Фото: РИА НовостиФото: РИА НовостиҮш ғарышкері бар "Союз ТМА-14М" кемесінің босатылған капсуласы Қазақстан аумағындағы көзделген ауданға қонды, - деп хабарлайды РИА Новости Ұшуларды басқару орталығының төрағасына сілтеме жасап.

Орбитадағы жартыжылдық іссапардан соң Жерге Роскосмостың ғарышкерлері - Елена Серова, Александр Самокутяев және NASA астронавты Барри Уилмор оралып отыр. Қазір олар ғарыш аппаратынан қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. "Союз ТМА-14М" экипажы орбитада 50-ден астам ғылыми тәжірибе орындады. Олардың көбі ғылым, медицина мен жалпы адамзат үшін маңызды мәнге ие.

"Союз ТМА-14М" қонған ауданда Ресейдің Орталық әскери округінің іздестіру-құтқару жасағы кезекшілік атқарып жатыр. Ғарышкерлерді іздестіру мен эвакуациялауға 300-ге жуық әскери қатысты. Жұмылдырылған құрылымда 14 Ми-8 тікұшағы, 2 Ан-26 ұшағы, 6 мамандандырылған іздестіру-эвакуациялау машинасы бар. Халықаралық ғарыш станциясына келесі экипаж келгенше станцияда Терри Вертса (NASA), Антона Шкаплерова (Роскосмос) және Саманты Кристофореттиден (ESA) тұратын ғарышкерлер тобы жұмыс істейтін болады.

Еске салайық, "Союз ТМА-14М" кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясының жаңа экипажымен бірге "Байқоңырдан" 2014 жылдың 26 қыркүйегінде ұшырылған еді. Орбитаға 17 жылда тұңғыш рет әйел адам - ресейлік Елена Серова шығарылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 наурыз 2015, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.