Атырау, 26 қараша 23:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Ақ жол» партиясы Қазақстан президенттігіне үміткер ұсынбайды

5 257 просмотра

Фото: nur.kzФото: nur.kzАстана. 12 наурыз. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Қазақстан демократиялық «Ақ жол» партиясы алда кезектен тыс өтетін ҚР президентінің сайлауында Қазақстан президенттігіне үміткер ұсынбайды.

«Кез келген саяси партия міндеті билік үшін күресу. Бірақ халықтың шын қолдауына ие және осы халықты тоталитарлық державаның ешкімге белгісіз провинциясынан экономикасы қуатты тәуелсіз мемлекетке, заманауй қоғаға жеткізген Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отырған сайлауға күрес термині қолдануға келмейді, себебі ол өз халқымыздың қалауына қарсы шыққандық болар еді. Ондай күресті біз «Ақ партиясы» Қазақстанның саяси сахнасында аламын деген рөліне сай емес деп есептейміз», - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бейсенбі күні «Ақ жол» партиясының кезектен тыс XII съезінде.

«(...) Жекелеген партиялардың өздерінің үміткерлерін Елбасымен салыстыруы қазіргі заманғы Қазақстандағы Назарбаев тұлғасының рөлі мен мәнін төмендетеді. Бұл мәселеде біз партиялық көзқарастан жоғары қарау керек деп есептейміз, себебі 2010 жылы 10 маусымнан бастап ұлт көшбасшысы заңын қабылдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев де-факто және де-юре тек бір ғана партияның көшбасшысы емес, сонымен бірге бүкіл Қазақстан халқының көшбасшысы, оның ішінде «Ақ жол» паритиясының мүшелерімен бірге басқа да партиялардың», - деп ол атап көрсетті.

Еске салсақ, 25 ақпанда елбасы Н. Назарбаев 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Кеше ол өзінің кандидатурасын сол сайлауға ұсынуға келісімін берді. Мемлекеттік тіл емтиханын табысты тапсырып, Н. Назарбаев ҚР Конституция талаптарына сай деп танылды. Сондай-ақ Конституцияның талаптарына ҚХКП үміткері Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиева танылды.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 наурыз 2015, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.