Фото: apk-detektor.ruАстана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Бас прокуратурада «Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеудің құқықтық, ұйымдық-әдістемелік аспектілері» тақырыбына семинар өткізілді, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Хабарда айтыландай, оның жұмысына Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Мемлекеттік кіріс комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында полиграфологиялық қызметті қамтамасыз ету, оның ішінде материалдық және еңбек ресурстарына, кезекті ауқымды аттестаттауды жүргізу, зерттеу қорытындыларының әрекет мерзімдеріне және басқасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар полиграфологиялық қамтамасыз ету мәселелерінің біртұтас банкі қалыптастырылатын, оларды шешу жөніндегі нұсқаулықтар, сондай-ақ әдістемелік құралдар әзірленетін полиграфологтардың ведомствоаралық комиссиясын құру туралы ұсыныс жасады.
Дереккөз: ҚазТАГ