Атырау, 11 наурыз 17:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Қазақстанда ЖІӨ-ге ШОБ қосатын үлес 17,5% деңгейде болады деп болжануда

1 481 рет қаралды

Фото: kursiv.kzФото: kursiv.kzАстана. 10 наурыз. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. 2014 жылы Қазақстанда ЖІӨ-ге шағын және орта бизнес (ШОБ) қосатын үлес 17,5% деңгейде болады деп болжануда, деп хабарлады ҚР парламент сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Асхат Күзеков.

«Болжарған мәліметтер бойынша, 2014 жылы ЖІӨ-ге ШОБ қосатын үлес 17,5% деңгейде болады, ал 2013 жылы 16,9% болған, яғни артуы 0,6% болды», - деді сейсенбі күнгі брифингте Асхат Күзеков.

Ондағы мәліметтер бойынша, 2014 жылы Қазақстанда ШОБ субъектілерінің саны 7,3%-ға артып, 1,656 млн болды.

2015 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда ШОБ-тың 1 655 980 субъектісі тіркелді. Ол 2013 жылғыдан 7,3% артық», - деді ол.

Ол сондай-ақ ШОБ және ірі бизнесті қолдау үшін 2015 жылы Ұлттық қордан Т100 млрд бөлінетінін жеткізді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

10 наурыз 2015, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.