Атырау, 26 қараша 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Президенттікке ниет білдірген әскери қызметші емтиханнан өте алмады

2 127 просмотра

Президенттікке өзін-өзі ұсынған әскери қызметші мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, Ержан Серғазиннің жазбаша жұмысы "Конституция - дамудың кепілі" тақырыбына арналды. "Тақырып ашылмады, қате өте көп - 24", - деді Жолдасбеков. 

Комиссия көркем мәтінді оқу жөніндегі тапсырманың орындалуына да қанағаттанбады. "Лингвистика комиссиясы Серғазин мемлекеттік тілді жеткіліксіз меңгерген деген қорытындыға келді", - деді комиссия төрағасы.

Серғазин журналистерге сайлауалды науқан шеңберінде мұндай емтиханды өткізудің қажеттігіне күмән келтіретінін білдірді. "Мемлекеттік тіл бойынша мұндай емтихан келешекте бізге қажет пе?" - деді ол.

Айта кетейік, тағы бір ниет білдіруші Қайрат Майішев мемлекеттік тіл емтиханын тапсыруға келген жоқ. Сонымен, қазіргі уақытта сайлау додасына қатысуға ниет білдіргендердің екеуі ғана лингвистика комиссиясының тапсырмаларынан сүрінбей өтіп тұр - Лимана Қойшиева мен Тұрғын Сыздықов.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 наурыз 2015, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.