Атырау, 26 қараша 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жалға берілетін пәтерлер алған қазақстандықтар тұрғын ауданын өзгерте алады

2 013 просмотра

Фото: kazpravda.kzФото: kazpravda.kzАстана. 10 наурыз. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Пәтерлерді жалға беру бағдарламасымен пәтерлер алған қазақстандықтар тұрғын ауданын өзгерте алады, деп хабарлады «Байтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

«Егер уақыт өте жағдай (материалдық – ҚазТАГ) нашарласа, онда ол (азамат – ҚазТАГ) кейін сатып алатын жалға пәтер алып отырған санаттан жәй пәтерді жалға алып отырған адамдар қатарына қосылуына құқығы бар. Яғни оның бағасы едәуір төмен, демек, азамат пәтерді сатып алудан бас тартып және тек жалға пәтер алушылар санатына өте алады. Яғни ол пәтерді 10 жылға жалға ала алады және кейін тағы 5 жылға созу құқығымен», - деді Қ. Бишімбаев сейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, егер «кейін сатып алу құқығымен жалға пәтер алу ақысы бір шаршы метрге 800-1100 теңге болса, жәй жалға алу ақысы 300-ден 600 теңгеден»

«Екі еседей арзан. Демек, егер адамның жағдайы нашарлайтын болса, онда осындай таңдау бар (...). Егер ол адамның жағдайы жақсарып, кірісі молайып жатса, ол бұл бағдарламадан шығып, нарықтан пәтер сатып алуына болады. Немесе, егер жас отбасында нәресте дүниеге келсе, олар бір бөлмелі пәтерден осы бағдарлама бойынша ауданы үлкен екі бөлмелі пәтер сұрауына болады», - деді басқарма төрағасы. 

Дереккөз: ҚазТАГ

10 наурыз 2015, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.