Атырау, 26 қараша 23:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан мен Болгария сотталған тұлғаларды тапсыру туралы келісімге қол қоюға ниетті

2 707 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.Астана. 10 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев Астанада Болгария бас прокуроры Сотир Цацаровпен кездесті, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Сұхбаттасушылар құқықтық ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қызығушылықтарын, сондай-ақ шарттық-құқықтық негізді кеңейтуге, оның ішінде Сотталған адамдарды ұстап беру туралы мемлекетаралық шартқа қол қоюға дайын екендіктерін білдірді», - делінген бас прокуратура сайтындағы хабарда.

Одан өзге, әріптестер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ой бөлісті. Ведомство басшылары қазіргі заман тұрғысында Қазақстан мен Болгарияның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі ниеттестігін және бірлігін атап өтті. Тараптар жаһандану жағдайындағы қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша сәйкес шаралар қабылдау үшін күштерді жұмылдырудың қажеттілігін баса айтты.

Кездесу барысында құқықтық саладағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды, оның ішінде қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, киберқылмысқа, есірткі тасымалына қарсы күрес, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері.

Сонымен қатар, тараптар екі ел халқының мүддесі, тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту және дамытуға дайын екендіктерін білдірді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

10 наурыз 2015, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.