Атырау, 26 қараша 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Конституциялық Кеңес кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ережені түсіндірді

3 360 просмотра

2015 жылғы 24 ақпанда ҚР Конституциялық Кеңесі Парламент Сенаты төрағасы Қ.Тоқаевтың ҚР Конституциясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын белгілеу мәселелерін реттейтін 41-бабының 3-1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші бойынша нормативтік қаулы қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 3-1-тармағының нормасын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауды жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар деп түсінген жөн. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы шешім қабылдауына Республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырмайды», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі.

Мұндай сайлау өткізу туралы шешім қабылдағанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-тармағында қарастырылған Қазақстан Президентінің сайлауы мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуі тиіс деген ереже ескерілуі керек деп түсіндірді Конституциялық Кеңес.

Дереккөз: bnews.kz

24 ақпан 2015, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.