Атырау, 26 қараша 21:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Назарбаев мерзімді қызмет әскерилерін запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды

3 246 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"ҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес, қаулы етемін: Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ҚР Қарулы Күштері, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан шығарылсын", - делінген сайтта.

Сонымен қатар, жарлыққа сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, 27 жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылуы керек.

"Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін", - делінген Президент жарлығында.

Жарлыққа сәйкес, ҚР Үкіметі, ҚР ҰҚК және ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметті өткеру үшін әскерге шақырылған ҚР азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұған дейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 2014 жылдың күзінде Қарулы Күштер қатарына 12 мың сарбаздың шақырылғанын хабарлаған еді. Денсаулығына байланысты 48 мыңнан астам шақырылушы әскери қызметке алудан босатылды. Тағы 28 мыңға жуық жігіт отбасы жағдайына байланысты шақырылмады.

Айта кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық кодексте "Әскери қызметтен жалтару" бабы қарастырылған. Оған сәйкес, әскери қызметтен негізсіз жалтарған адамдарға бір жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 ақпан 2015, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.