Атырау, 26 қараша 21:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда бизнеске рұқсатнама құжаттарының 52%-ы қысқарады

1 665 просмотра

minfin.com.uaФотосурет: minfin.com.uaБүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметін реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ведомствоаралық комиссия жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің және Ұлттық кәсіпкерлік палатасының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес рұқсат беру құжаттарын 50 пайызға қысқарту арқылы бизнеске әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері талқыланды.

«Атап айтқанда, Сарапшылық топтың ІІМ, Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық банк және басқа да мемлекеттік органдардың 134 рұқсатнамаларын қысқарту және оңайлату жөніндегі ұсыныстары қаралып, мақұлданды. Барлығы 367 рұқсатнамалар қысқартуға ұсынылды, бұл олардың жалпы санының 52 пайызын құрайды», - делінген хабарламада.  

Отырыс қорытындысын шығара отырып, Бақытжан Сағынтаев Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың маңызын атап көрсетті, сондай-ақ бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 ақпан 2015, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.