Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Энергетика министрі Владимир Школьник Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы брген тапсырмалардың орындалу барысы жайында баяндама жасады. «ККЖ» (келешек кеңею жобасы) шеңберінде Теңіз кен орнында қуаттылығы жылына 12 млн. тоннаны құрайтын мұнай өңдейтін жаңа зауыт салу көзделуде деп мәлімдеді.
- Қазіргі таңда «Теңізшевройл» ЖШС мұнай өндіру ісін ілгерілету мақсатында екі бірдей жобаны қолға алуда. Оның бірі – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) болса, екіншісі – Келешек кеңею жобалары (ККЖ) шеңберінде өндірісті бұдан әрі дамыту. Осылайша, ККЖ шеңберінде Теңіз кен орнында қуаттылығы жылына 12 млн. тоннаны құрайтын мұнай өңдейтін жаңа зауыт және қуаттылығы жылына 9,4 млрд. м/куб. болатын шикі газды кері айдайтын нысандарды салу жоспарланып отыр. Жобаның іске асуы ТШО-ның жылдық мұнай өндіру көлемін 26,5 млн.тоннадан 38,6 млн. тоннаға арттырады деп болжануда, - деді Владимир Сергеевич.
Айта кетейік, ал ҰЕҚБЖ шеңберінде ұңғыма өнімдерін жинақтаудың жаңа жүйесін, қысымы жоғары нысандарды, инфрақұрылымдық және қосалқы нысандарды салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жоғарыда аталған жоспарлар шеңберінде 20 мың жұмыс орнын ашу, кадрларды даярлау және оқыту шаралары қарастырылған.
Дереккөз: Baq.kz