Фото: Тengrinews.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуына жол бермейді. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ол үшін елімізде қор жеткілікті.
«Біз ағымдағы валюталық дәліз саясатын жалғастырамыз. Қолданыстағы макроэкономикалық жағдай оған сай келеді. Егер капиталдың сыртқы нарығында өзгерістер орын алса, онда сәйкесінше біз бір сәтте «есеңгіретерлік» девальвацияға жол бермейміз. Бірқалыпты әрі икемді айырбас крусы аясында жұмыс істейтін боламыз»,- деді Қ.Келімбетов.
Дереккөз: inform.kz