Фото: timeskz.kzАСТАНА, 11 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ведомство ғимаратының жанында өзін жарып жіберген офицердің өлім алдындағы хатында бірқатар азаматтың тегі көрсетілгенін растады.
10 ақпанда Астанада Достық көшесінің бойында «Шевроле» маркалы автокөлігінде жарылыс орын алды. Автокөлікте ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1975 жылы туған подполковник Сыздықов Арман Қайдарұлы болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің деректерінше, әскери қызметші өзіне қол салған. Ол жерден офицердің жазып қалдырған хаты табылды.
«Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына белгілі ақпараттан басқа ештеңе айта алмаймын (...) Өлім алдындағы хаты бар. Онда бірқатар азаматтың тегі көрсетілген», - деді Тасмағамбетов журналистерге.
Дереккөз: newskaz.kz