Фото: Қазақстан жаңалықтары АААСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрастырылған автомобиль сатылымы екі есеге құлдырады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтты.
Машина жасау саласында өткен жылғы естен тандырарлық ахуал автомобиль өндірісіне қатты әсер етті. Екі айдың ішінде 50 мың автомобиль әкелінді. Бұл шамамен жылдық өнідіріс көлеміне тең. Сондықтан қаңтарда сатылым көлемі шамамен екі есеге құлдырады. Үкімет қауымдастықтармен, кәсіпорындармен бірлесіп, қолдаудың кешенді шараларын әзірледі. Осыған қарамастан осы жылы да төмендеу болатынын болжаудамыз. Ең бастысы саланы, мамандарды сақтап, саланы дамыта беру», - деді Ә.Исекешев.
Министрдің атап өтуінше, елімізде бұл салада жиырма мыңға жуық адам жұмыс істеуде.
Дереккөз: inform.kz