Фото: forbes.kzАСТАНА, 11 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Бүгінгі таңда отандық өндірушілерде туындап жатқан қиындықтарыдың Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) жұмысына қатысы жоқ, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Ресей рублінің құлдырауы мен қазақстандық ішкі нарықтағы қысымның күшеюі отандық өндірушілерге шығын келтіріп жатыр. Мұның Еуразия экономикалық одағына қатысы жоқ. Бұл - біздің стратегиялық бағытымыз. Одақты құрар кезде өмірдің өз өңдеуін енгізетінін айтқанбыз. Қазір осылай болып тұр және осының барлығына Еуразия экономикалық одағы мен Кеден одағы кінәлі деп есептеу - нағыз дилетанттық", - деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы, енгізілген санкцияларға байланысы Ресейдің "қиын жағдайда" екенін атап өтті.
Дереккөз: newskaz.kz