Атырау, 26 қараша 19:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Назарбаев ұлттық компанияларды ұлттық валютаны қолдауға шақырды

1 399 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZҚазақстан теңге бағамының күрт өзгеруiне жол бермеуге тырысады. Бұл туралы бүгiн Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 «Самұрық-Қазына» холдингi мен ұлттық компаниялардан өз қаржыларын қазақстандық валютаға алмастыру арқылы қолдау көрсетуді сұраймыз. Әрине, теңгеге қатысты маңызды жайттар бар, оны нақтылап, келiсіп алу керек. Мен мұны барлық ұлттық компанияларға айтып отырмын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан теңге бағамының күрт өзгеруiне жол бермеуге тырысады.

«Қазақстан теңге бағамының күрт өзгеруiне жол бермеуге тырысады және сiздердiң де мүдделерiңiз ескерiлмек. Бiрақ, қазір жаңағы айтылған жұмыстарды жүргiзу маңызды. Ұлттық банкпен жеке жұмыс iстеу керек. Мұнда Сiздердiң мүдделерiңiз, ортақ мүдделер бар», - деп тапсырды Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмiрзақ Шөкеевке.

Дереккөз: bnews.kz

11 ақпан 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.