Атырау, 26 қараша 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның мемқызмет реформасында тежеліс жүріп жатыр, деп санайды Назарбаев

1 390 просмотра

Фото: Kapital.kzФото: Kapital.kzАстана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесін реформалауда тежеліс байқалады, деп санайды ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мемлекеттік қызмет реформасы бойынша бізге жұмысты белсенді жалғастыру керек. Соңғы уақытта бұл тұстан тежеліс сезіледі», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні кеңейтілген үкімет отырысында.

Мемлекет басшысы өткен жылы мемқызмет реформасының аясында үкімет өкілеттерінің министрліктер мен жергілікті ұйымдар деңгейіне тапсырылғанын еске салды. Қайта құру нәтижесінде министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін кеміді, комитеттер – 54-тен 40-қа дейін, үкімет құрамына кіретін барлық агенттіктер қысқартылды.

Сондай-ақ 2014 жылдың 1 қазанынан бері үкіметтің 60-қа жуық функциясының министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне табысталуы қамтамасыз етілді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттері 261 функцияға кеңейтілді. Орталық деңгейден жергіліктіге тиісті бюджетімен бірге 2 мың штаттық сан бірлігі табысталды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

11 ақпан 2015, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.