Атырау, 26 қараша 19:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылды

2 132 просмотра

Фото: Tengrinews.kz. Оқиға орныФото: Tengrinews.kz. Оқиға орныАстанада ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылып, бір әскери қызметші жан тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Астанада Достық көшесінде ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы отырған Chevrolet маркалы автокөлікте жарылыс болды. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды, көшеден өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Оқиға орнынан өлім алдындағы хат табылды, лаңкестік әрекет туралы болжам жоққа шығарылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 ақпан 2015, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.