Атырау, 4 қазан 18:29
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Дәнекерлеу профессорының сертификаттары

3 126 просмотра

Индустриалдық колледж ғимаратында аргонды-иінді дәнекерлеу бойынша оқудан өткен өндіріс шеберлеріне сертификат тапсыру рәсімі өтті.

Шеберлік сабақтарын «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының шақыруымен Швейцариядан келген сарапшы, дәнекерлеу бойынша дипломды маман  Макс Герман ХОЙЗЕР жүргізді. Дәнекерлеушілерде ғылыми атақ болмайды, дегенмен Хойзер мырзаның тәжірибесі мен оқу құралдарына сүйеніп, оның өз ісінің маманы екенін аңғаруға болады. Жинақы және белсенді Максқа қарап оның 68 жаста екеніне сену қиын, өмірінің көп бөлігін ол дәнекерлеушілерді жаңа әдістерге үйрету үшін әлемнің әр елінде өткізген. Атырауда үш апта бойы әлемдік стандарттардың ерекшеліктерін облыс колледждеріндегі 16 өндірістік оқыту шебері игерді.

Жылыой мұнай-газ техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Сисенбі ШАМШИЕВ шеберлердің арасынан жалғыз өзі тұрбаны 45 градус бұрышта дәнекерлеуді орындап, ең үздік болып танылды. Ол 100 ұпайдың 86-сын жинады. Индустриалдық колледждің өндірістік оқыту шебері Әміржан БЕКЕШЕВ бірден екі сертификатқа ие болды, ол аргонды-иінді және жартылай автоматты дәнекерлеуді игерді. Хойзер мырза өңіріміздегі жалғыз әйел дәнекерлеуші ганюшкиндік Айсұлу ҚАБДОЛОВАНЫ да ерекше атап өтті.

Менің сұрақтарыма жауап бере отырып, Макс Қазақстанда жастар бұрынғыша ЖОО-ға түсуге талпынатынын, бірақ кейін диплом бойынша жұмыс таба алмайтынын, ал швейцариялықтар колледждерде арнайы білім алып, бірнеше жыл тәжірибе жинағаннан кейін ғана оқу орындарына түсетінін айтып өтті.

- Ешкім де қолын бүлдіріп жұмыс жасағысы келмейді, - деп жымиды Макс. – Швейцарияда әлемде үздік деп танылған көпсатылы білім беру жүйесі қалыптасқан және оның мықты жағы тәжірибелік бағыттау болып табылады. Колледж тәмамдаған жастар мамандық алып, екі жыл жұмыс жасап, содан кейін ғана университетке оқуға тапсырады.

Білім беру саласы қызметкерлерімен әңгіме барысында мен кеңестік кәсіптік-техникалық оқытудың ең мықтылардың қатарында болғанын бірнеше рет естідім. Мүмкін, жергілікті кәсіби дәнекерлеушілер Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобаларда да бар шығар. Сонда біздің шеберлерді оқыту үшін Швейцариядан маман шақыртудың қажеті қанша?

- Аргонды-иінді және жартылай автоматты дәнекерлеудің тәжірибелі мамандары еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын бұл дәнекерлеушілердің орташа айлық жалақысы – шамамен, 400 мың теңге. Ал қазақстандық кәсіпорындарда олар бар болғаны 150 мың теңге алады. Мамандар бізде жеткілікті, бірақ мұндай ақша алып отырып, олар тәжірибелерімен бөліскілері және өздеріне бәсекелес дайындағылары келмейді. Оның үстіне, оқып, бүгін сертификат алған шеберлер өздерінің 50 мың теңге жалақысы үшін колледже қалады деген бізде сенім жоқ, - деп ашығын айтты өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан ҒАНИМҰРАТ.

-Ал қазіргі тәжірибелі, мәселен, Қашағанда жұмыс жасайтын шеберлерді кім оқытты?

- «Construction Training Resources» компаниясы, бірақ оқыту курстары қымбат тұрады, 6 мың доллар. Ал «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша біздің шеберлер жаңа білімді тегін игерді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 ақпан 2015, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.