Атырау, 26 қараша 19:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жоламанов ісі: Негізгі күдіктілердің куәгерлерге айналу себебі айтылды

2 698 просмотра

Фото: Tengrinews.Фото: Tengrinews.kzАстанада сот ҚР ҰҚК Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша материалдарды қарауды жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Жоламановтың адвокаттары 10 ақпан күні отырыста Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша негізгі куәгерлерге қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылу себептерін жария етуге өтініш білдірді. Өтініш қанағаттандырылды.

Адвокаттар іс материалдарының мәліметтерін толық жария етті. "2014 жылдың 15 қазанында Қилыбасов Жоламанов пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының заңға қайшы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады. Ол Жоламановтың қылмыстық әрекетін әшкерелеу жөніндегі арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге белсенді түрде ықпал етті. 27 қазан күні Жоламанов пен Қилыбасовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сөйтіп, Қилыбасовтың әрекетінен қызмет бабын пайдалана отырып, бір немесе бірнеше қылмысты жасау және ақша түрінде пара алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгілері қарастырылды", - делінген адвокаттар жария еткен іс материалдарында.

Алдын ала тергеу барысында күдікті Қилыбасов өкініш білдіріп, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде "кассир" міндетін атқарғанын айтты.

"Жоламанов берген өзінің қылмыстық роліне сәйкес, ол жеткізушілермен тікелей байланыс жасаған, оларды бекітілген келісімшарттар үшін пара беруге міндеттеген, жеткізушілерге қорған болып, олардан пара ретінде алынған ақшаны бастығы Жоламановқа берген. Қилыбасовтың жауаптары бойынша Жоламановтың ролі, пара көлемі мен оны Жоламановқа берудің амалдары, деректі растаған куәгерлер анықталды. Қилыбасов Жоламановпен тікелей байланыс жасаған адам болғандықтан оның өз қылмыстық әрекетін мойындаған жауаптары істегі шешуші жайт саналады. Сондай-ақ қылмыс механизмі ашылғандықтан Қилыбасовтың мойындау жауаптары маңызды дәлел сипатына ие. Сонымен бірге ол тергеу органдарына пара ретінде заңсыз алынған 23 миллион теңгені қайтарды", - делінген материалдарда.

Іс материалдары бойынша тергеуші Қилыбасовқа қатысты тергеу нәтижелерінде жеткілікті негіз бар - ол өз әрекеті үшін өкініш білдірді, қылмыстың басқа қатысушыларының ісін әшкерелеуге көмектесті, сөйтіп, өкініш білдіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады деп шешті.

Тағы бір куәгерге байланысты іс материалдарының мән-жайы да жария етілді. "Тергеу барысында күдікті Сембаев өкініш білдірді. ҰҚК Шекара қызметі орталық аппараты мемлекеттік сатып алулар басқармасы бола отырып, конкурс өктенге дейін Жоламанов көрсеткен, келісімшарттарды бекіткен соң артылған ақша түрінде пара берудің әдістерін табуға келіскен компанияларды алдын ала жеңімпаз деп анықтаған. Ол "кассир" ролін атқарды. Сембаевтың жауаптары іс бойынша дәлел мәнге ие, сонымен бірге ол тергеу органдарына пара ретінде заңсыз алынған екі миллион 100 мың теңге және 38 мың 900 долларды өз еркімен қайтарды. Сембаевқа қатысты тергеу нәтижелері - ол өкініш білдірді, топ болып жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеуге және оған қатысы барларды әшкерелеуге белсенді ықпал етті", - делінген іс материалдарында.

Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні Астанада ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы басталған еді. Істің бір фигуранты - Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Айып бойынша Жоламанов 300 мың доллардан астам пара алған, ол 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр.

Оның алдында сотта Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады, ол мұны саяси тапсырыс деп атады. Балмағамбетов кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

10 ақпан 2015, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.