Атырау, 26 қараша 19:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Назарбаев Путинмен Украинадағы дағдарыс жағдайын реттеуге мүмкіндік беретін жолдарды талқылады

1 926 просмотра

Фото: kazpravda.kzФото: kazpravda.kzАстана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Нұрсұлтан Назарбаев 11 ақпанға жоспарланған Минскідегі төртжақты келіссөздердің Украинадағы жанжалды реттеуде ымыраластыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімділігін білдірді», - делінген Ақорда сайтындағы дүйсенбілік хабарда.

Өз кезегінде В. Путин 6 ақпан күнгі Мәскеудегі Германия және Франция көшбасшыларымен өткен келіссөздері мен 8 ақпанда «норманд форматында» телефон арқылы өткен келіссөздердің қорытындысы туралы хабардар етті.

Одан өзге, Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекеттер басшылары өзара сауданың ағымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтеріне өзара тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.

Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, Минскіде сәрсенбі күні «норманд төрттігінің»» көшбасшылары – Владимир Путин, Петр Порошенко, Ангела Меркель мен Франсуа Олландтың кездесуі жоспарланған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

10 ақпан 2015, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.